Ақтөбе облысында Өзбекстаннан әкелінген 2,5 тонна шабдалы партиясының көзі жойылды

Сурет: ҚР АШМ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының инспекторлары Өзбекстаннан әкелінген шабдалы партиясынан карантиндік зиянкес – шығыс жеміс жемірін (Grapholita molesta Busck) анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Орталық кедендік ресімдеу пунктінде карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу кезінде салмағы 2,58 тонна жаңа піскен шабдалы партиясы тексерілді. Партия Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының Янгиюль ауданынан автомобиль көлігімен жеткізілген болатын. Жеміс үлгілері іріктеліп, Ақтөбе аймақтық карантиндік зертханасына жіберілді. Сараптама шығыс жеміс жемірі барын растады". ҚР АШМ баспасөз қызметі

Карантиндік нысанның таралуына жол бермеу мақсатында залалданған өнімдерді оқшаулау және жою шаралары дер кезінде жүргізілгені де нақтыланады.

Айта кетсек, 14 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында сегіз вагон Ресей астығын елімізге кіргізбек болғандардың жолы кесілді. Ішкі нарықты қорғау мақсатында елімізге сырттан астық кіргізуге тыйым салынған.

Өзбекстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді