"Ертіс орманы" табиғи резерватында бес жыл бойына ағаштарды кесуге тыйым салынды

Сурет: pixabay
ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен 2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін "Ертіс орманы" табиғи резерватында ағаштарды кесуге тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, бұған заңсыз ағаш кесу себеп болып отыр.

Облыстағы орман қорының басым бөлігі "Ертіс орманы" қорығының қарағайлы орманында шоғырланған. Заңсыз ағаш кесу фактілеріне байланысты тыйым салынған. 

Павлодар облысы прокуратурасының мәліметінше, мораторий жойылған 2021 жылдан бері 1100 текше метр ағаш заңсыз кесілген. Бұл ағаш кесуге тыйым салу кезеңінің көрсеткіштерінен асып түскен.

Осыған орай, орманды сақтау мақсатында облыс прокуратурасының бастамасымен ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінен бастап 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен бүкіл резерват аумағында ағаш кесуге тыйым салынды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді