Оралда полицейлер өртенген көлік ішінде бейқам отырған жүргізушіні құтқарды

Сурет: pixabay
Полиция қызметкерлері Азат Бақытжанов пен Мейіржан Тілекқабылов патрульдеу кезінде Сарайшық көшесінде тұрған көліктен қатты дыбыс шыққанын естиді. Жеңіл көліктің жүргізушісі сол кезде рөлде болған, бірақ ол ештеңені байқамапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер тез әрекет етіп, өрт сөндіргіш құралымен тұтанған отты өшіріп, көлік жүргізушісін қауіпсіз қашықтыққа алып шықты. Осының арқасында ықтимал қайғылы жағдайдың алды алынды.


"Полиция жүргізушіге қауіп туралы дереу ескертті. Автокөліктің капоты астында от тұтана бастаған. Полиция өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті сөндірді", деп хабарлады ведомстводан.

Жүргізуші полицейлерге қырағылығы мен көмегі үшін алғыс білдірді.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді