Алматыда 7 млн теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталды

Фото: Zakon.kz
Жол ережесін өрескел бұзған 19 жастағы алматылық ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оны полицейлер қаланың Медеу ауданындағы Достық даңғылы бойында тұтқындады.

"Бұл жолы да "Қорғау – қауіпті жүргізуші" автоматтандырылған жүйесі тиімді пайдаланылды. Аз уақыт ішінде көлік жүргізушісі 195 рет жол ережесін бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 7 миллион теңгені құрады. Оның үстіне кей жағдайда, өкінішке қарай, жүргізуші жалған нөмірді пайдаланып, көліктің жылдамдығын 200 шақырымға дейін үдеткен". Алматы қаласы ПД

Ақпаратқа сүйенсек, көліктің өзі көрші Қырғызстанда тіркелген.

"Сот қаулысымен көлік жүргізушісі әкімшілік қамаққа алынды, оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші барлық айыппұлдарын толығымен төлеуге міндетті боладыә, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.

Алматы полициясы жазаның бұлтартпастығы қағидасын тағы да еске салып, жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді