Орал қалалық сотының төрағасы пара алу кезінде ұсталды

Сурет: Facebook/Руслан Жумагулов
2024 жылдың 4 қарашасында Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО прокуратурасы ақпаратты растап, ресми түсініктеме кейінірек берілетінін айтты.

Сондай-ақ, БҚО облыстық сотының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Руслан Нартайұлы Жұмағұлов Орал қалалық сотының төрағасы лауазымын бес жылдан бері атқарып келеді.

Жедел уәкілдердің мәліметінше, 1,5 млн теңге көлеміндегі пара сотталған азаматқа қатысты оң шешім үшін берілген. Жедел-тергеу іс-шараларын ҰҚК орталық аппаратының және БҚО департаментінің қызметкерлері жүргізеді.

Бұған дейін Павлодарда сотта мүгедек жан өзін зорлаған адамға кешірім бергені белгілі болды. Сотта жәбірленушінің өкілі мен оның адвокаты келтірілген моральдық зиян өтелгендіктен сотталушымен татуласқандарын және оған ешқандай талаптары жоқ екенін айтты.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Катарға қарсы матчта Канада құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алды

Қазақстанда шілдеде ауа температурасы +50 градусқа дейін көтеріледі

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады