Адамдар үстіне аялдама конструкциясының құлауы: зардап шегушінің қызы әкімдік әрекетін сынады

Сурет: Zakon.kz
Ақтауда автобус аялдамасының конструкциясы құлап, зардап шеккен адамның қыз полиция мен әкімдіктің әрекетін сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиғадан кейін құқық қорғау органдарына олар арыздана алмаған, ал әкімдік өкілдері осы уақытқа дейін отбасыға байланысқа шықпаған. Алина Иевлева осылай деп дабыл қағады. Бұл турады 6 қарашада  жергілікті lada.kz басылымы жазды.

"Алина болған оқиға туралы интернеттен біледі. Анасына қоңырау шалғанда, фельдшер телефон көтерген. Ол әйелді ауруханаға апара жатқандарын жеткізген. Медициналық мекемеде тексеру жүргізілп, зардап шеккен 52 жастағы әйелдің сегіз қабырғасы мен иық сүйегінің сынғанын, сондай-ақ көптеген көгеру және сырылу түрінде жарақаттары бары анықталды. Жарақат әйелдің өкпесінің біріне зақым келтірген".

Алина Иевлева анасы Олеся Иевлеваның II-топтағы мүгедек екенін атап көрсетеді: оған бұрын тізе протездері орнатылған, сонымен қатар гидроцефалия және жүрек-қан тамырлары аурулары диагнозы қойылған. Осыған байланысты қызы жарақаттар зардап шеккен адамның денсаулығын одан сайын нашарлатып жіберуі мүмкін деп қорқады. Сонымен қатар дәрігерлер бір көздің көру қабілетінің жоғалу қаупі барын айтқан. 

Оқиға орнына полиция келіп, зардап шеккендердің біреуінің арызын ғана қабылдаған, Алинаның анасының емес.

Сондай-ақ, Иевлеваның айтуынша, әкімдік пен мердігер ұйым өкілдері зардап шеккен басқа адамға барған, бірақ Иевлевтер отбасымен байланыспаған. Осыған байланысты отбасы адвокат жалдап, кінәлілерді жауапқа тартуға ниетті.

Қазіргі уақытта Олеся Иевлева Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, ол арада оның өкпесінен сұйықтық сорып алынған. Жақын күндері әйелдің жағдайы тұрақтанған соң қолына ота жасалады.

5 қарашада аялдама адамдар үстіне құлағаны хабарланды. Полиция департаменті Ақтау қаласының 1-шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің жанында орналасқан аялдама конструкциясы қолайсыз ауа райы салдарынан құлағанын растады. Сапасыз құрылыс фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды