Павлодар облысында өртке оранған ғимараттан ер адамның мүрдесі табылды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында өрт сөндірушілер өртенген ғимарат ішінен ер адамның мүрдесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 қарашада сағат 07.46-да шұғыл байланыс желісіне Павлодар қаласы Бекмаханов көшесінде жеке жай өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.


"Оқиға орнына дереу шыққан өрт сөндірушілер жеке тұрған ғимараттың жанып жатқандығын анықтады. Өртті жою барысында өрт сөндірушілер 2 газ баллонын сыртқа алып шықты. Өрт 15 шаршы метр алаңында жедел сөндірілді. Өрт орнынан ер адамның денесі табылды. Өрттің себебі анықталуда. Шақырту орнында ТЖД 15 қызметкері мен 5 бірлік техникасы, АМО жұмылдырылды". Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты екі өңірде жол учаскелері жабылғаны хабарланған.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды