Таразда жолда апаттық жағдай тудырған куәлігі жоқ жүргізуші 3 тәулікке қамалды

Сурет: Zakon.kz
Облыс орталығы аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, ауыр жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін жүргізушіні анықтады.

Мемлекеттік нөмірі тағылмаған ВАЗ-2114 автокөлігі Жамбыл даңғылы бойында қарама-қарсы бағытқа шығып, екі жолақты сызықты кесіп өткені үшін тоқтатылмақ болған.

Алайда жүргізуші полицияның заңды талабына бағынбай, жылдамдықты арттырып, бірнеше көшеде бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп, жол ережелерін бұзуды жалғастырды.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде тоқтатылған құқық бұзушының жүргізу куәлігі де жоқ екендігі анықталды.

19 жастағы ер адамға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің түрлі баптары бойынша 18 хаттама толтырылды. Сондай-ақ мамандандырылған сот шешімімен ол 3 тәулікке қамауға алынды.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік