Жамбыл облысында "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында 2024 жылғы 16 желтоқсанда, сағат 21:00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының белгілір бір учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылғы 16 желтоқсан сағат 21:00-де Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының 159-238 шақырымы - Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

2024 жылғы 17 желтоқсанда сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланып отыр.

Бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің үш өңіріндегі жолдарда шектеу шаралары енгізілгені хабарланған. Сондай-ақ Маңғыстау облысында қалың қардың түсуіне байланысты 29 жүк көлігі қар құрсауында қалып кеткен.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды