Ведомство дерегінше, қазіргі уақытта оқиға орнында ұшақтың конструкцияларын бөлшектеу жұмыстары жалғасуда.
"Оқиға салдарын жоюға 306 адам, 101 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 6 кинологиялық есептоп жұмылдырылды. Жұмыстарға Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық ұланның, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің, Апаттар медицинасы орталығының, жедел медициналық көмек бригадасының және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Әзербайжан ТЖМ қызметкерлері тартылды",- делінген ақпаратта.
Апаттар медицинасы орталығының психологтары Ақтау қаласына келген туыстарына психологиялық көмек көрсетуде.
25 желтоқсандағы ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адам Ақтау қаласының медициналық мекемелеріне, оның ішінде 3 кәмелетке толмаған ауруханаға жатқызылды.
"Қаза тапқандардың 38 мәйіті табылды, олар медициналық сараптама орталығына жеткізілді, олардың ішінде 6 Қазақстан азаматы және 3 экипаж мүшесі бар. 7 адамның денесі анықталды. Сонымен қатар кеше іздеу тобының нәтижесінде ТЖМ құтқарушылары қара жәшікті тапты. Оқиға орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта Ақтау қаласында апаттың себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ, жедел желі телефондарына шұғыл психологиялық көмек және ақпараттық сипаттағы 1063 өтініш түскендігі хабарланды.
Астана қаласындағы Командалық орталықта және Маңғыстау облысының ТЖД-да жедел штабтар мен жедел желі телефондары жұмысын жалғастыруда: 8-7172-55-96-21, 8-7172-55-96-83, 8-7292-31-90-91.
Сондай-ақ, ТЖМ оқиға тізбегімен бөлісті:
- 25 желтоқсанда сағат 11.00-де Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының әуе кемесіндегі авариялық жағдай туралы ақпарат алғанан соң Ақтау қаласы әуежайының ауданына Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары дереу жіберілді.
- Сағат 11.30-да әуежайдан 3 км жерде ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы ақпарат түсті. Салдарынан ұшақтың фюзеляжының екі көлденең бөлікке (қиранды арасындағы қашықтық 300 м) ақауы пайда болды, содан кейін ұшқыштар кабинасының маңында өрт шықты.
- Сағат 11.35-те келген құтқарушылар өртті сөндіруге кірісті, ал сағат 12.05-те өрт толығымен сөндірілді. Апат болған жердің жалпы ауданы 4 200 шаршы метрді құрады.
Ұшақтың бортында 67 жолаушы, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.
Оқиға салдарын жоюға Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінен, Ұлттық ұланнан, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтінен, Апаттар медицинасы орталығынан, жедел медициналық көмек бригадасынан және жергілікті атқарушы органдардан 492 адам, 102 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 10 кинологиялық есептоп, оның ішінде Астана қаласынан барған санитарлық борт жұмылдырылды.