Жетісулықтар Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсырып жатыр

Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Желтоқсанның 26-сы күні Жетісу өңірінің еріктілері Талдықорғандағы облыстық Қан орталығына барып, Ақтауда Баку-Грозный бағытындағы жолаушылар ұшағы апатынан зардап шеккендерге көмек ретінде қан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының волонтерлары 25 желтоқсанда Ақтау қаласына таяу маңда құлаған "Баку-Грозный" бағытындағы жолаушылар ұшағы апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Талдықорғандағы Қан орталығына барып, қан тапсырды, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстағы ерікті жастар алғашқылардың бірі болып қан тапсыруға ниет білдірген. Олар қиын жағдайға түскен жандарға қан беру арқылы көмек көрсетуге жора-жолдастары мен таныстарын да шақыруда.

"Ақтау қаласында әуе кемесінің құлағаны туралы оқыс жаңалық бәрімізге ауыр тиді. Апаттан қаншама адам көз жұмды, марқұмдардың жаны жаннатта болсын дейміз. Тірі қалғандардың тез сауығып, аман-есен жақындарына орлауына көмегіміз тисін деп, бүгін қан тапсыруға келдік. Енді мұндай ауыр жағдай қайталанбасын деп тілейміз", — деді "Ассамблея жастары" еріктілер тобының мүшесі Заида Құрмашева.

Облыстық қан орталығының мәліметіне қарағанда, бүгін сағат 12.00-ге дейін 49 адам қан тапсырған.

"Орталыққа әуе апатынан жарақат алған мұқтаж жандар үшін қан көмек тапсырамыз деп ерікті жастар келіп жатыр. Әзірге Ақтаудағы қан тапсыру орталығында қан жеткілікті. Егер жедел қан керек десе біз кез келген уақытта жіберуге дайынбыз", – деді Облыстық қан орталығының директоры Марат Досқалиев.

2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға ұшқан жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады.

Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандар саны 29 адамды құрады. Оқиғаға дейін ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін. Ұшақта Қазақстан азаматтары болған. Өкінішке орай, олардың ешқайсысы тірі қалмады.

Қазақстан
Ақтауда ұшақ апатқа ұшырады

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды