Үлескерлерден 1,8 млрд теңге ұрланды: ШҚО-да құрылыс компаниясының топ-менеджерлері ұсталды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Құрылыс компаниясының топ-менеджерлерінің заңсыз әрекетінің жолын Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Толық ақпаратты 2025 жылдың 5 қаңтарында ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов бөлісті.

"Олар көппәтерлі тұрғын үй кешенін саламыз деген желеумен 1,8 млрд теңге қаражат жымқырған. Өскемен қаласында екі күдікті 102 азаматты алдап, құрылысқа үлескер ретінде қатысуға жалған келісімшарттар жасағандары анықталды. Іс жүзінде тұрғын үй нысанының құрылысы созбалаңға түскен. Мерзімдері бірнеше мәрте ұзартылғанымен, көппәтерлі үй кешенінің құрылысы аяқталмаған." Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі

Компаниялар заң талаптарын бұзғанын және үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмағандығын атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда күдіктілер соттың санкциясымен ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.

Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккен азаматтарға қаражаттарын қайтару жұмысы жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жариялануға жатпайды.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды