Ұлытау облысында құтқарушылар жоғалып кеткен қос малшыны аман-есен тапты

Сурет: pixabay
Ұлытау облысында 6 қаңтарда түнде 112 пультіне Қызылжар кентінен "Бетпақ дала" жаққа оңтүстік бағытқа екі адам көлікпен мал іздеуге шығып, сол күйі жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, олар 5 қаңтарда таңертең үйлерінен шыққан. 

"Іздеу тобы 9 сағаттан кейін Сұркеңгір учаскесінде жоғалған екі адамды тапты. Олар көлікпен балшыққа батып қалған екен. Құтқарушылар көлікті балшықтан сүйреп шығарып, Қызылжар кентіне дейін сүйемелдеп жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі 2025 жылы 6 қаңтарда қар көшкініне байланысты ескерту жасағаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс