Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Түркістан облысының аумағында жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларының нәтижесінде 2024 жылы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 16,8%-ға төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған кезеңде криминалдық полиция сегіз қылмыстық топтың әрекетін тоқтатып, 16 пәтер ұрлығына қатысы бар 40 адамды ұстады.

Мал ұрлаумен айналысқан 16 топ жойылып, 40 күдікті құрықталды. 791 бас ұрланған мал иелеріне қайтарылды.

Мәселен, Келес ауданында жедел уәкілдер жалпы сомасы миллион теңгеден асатын мал ұрлығының үш фактісіне қатысы бар төрт күдіктіні ұстады.

Мал ұрлаушылардан ұрланған үй жануарларының бір бөлігі және Газель тәркіленді. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері қылмыстық топтардың 13 қатысушысы мен көшбасшысын ұстады.

Жалпы аталмыш басқарма полицейлері 117 қылмысты анықтады, оның ішінде 17 бопсалау фактісі, 34 қару және есірткі сақтау фактісі, үш өз бетінше жер қойнауын пайдалану дерегі және үш заңсыз көші–қонды ұйымдастыру фактісі бар.

21 қару, 500-ден астам оқ-дәрі, екі келіге жуық есірткі затын тәркіледі. Сондай-ақ экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері терроризмді насихаттаудың бес фактісін және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берудің төрт фактісін қоса алғанда, 24 қылмыстың жолын кесті.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі