Жамбыл облысында мыңнан астам көлік қар құрсауында қалып қойды

Сурет: Жамбыл облысы ПД
Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығы орын алып, боранды жел, көктайғақ және көрінудің шектелуіне байланысты 2025 жылғы 7 қаңтарда автожолдарда мыңнан астам көлік тұралап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір полицейлерінің ақпаратынша, Тараз қаласынан Түркістан облысына (Жуалы ауданы) және Алматы облысына (Қордай ауданы) көлік құралдарының барлық түрлері үшін азаматтардың қауіпсіздігі үшін жол жабылды. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Қозғалыс шектелген жолдардың бойында 1050-ге жуық көлік тоқтап қалған. Оның 580-і жүк көлігі және 465 жеңіл автокөлік.


"Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін, төтенше жағдайлардың болуының алдын алу мақсатында аталған тас жолдарда полиция қызметкерлері жұмыс жасауда. Олар жүргізушілер мен басқа да азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуде. Барлығы 100-ден астам полиция қызметкері, 45 автоэкипаж жұмылдырылды. Жуалы ауданының Шахан асуында қалып кеткен 14 тұрғын учаскелік инспекторлармен Көлтоған ауылына жеткізіліп, туыстарының үйлеріне орналастырылды. Одан бөлек қар құрсауында қалып кеткен 10-нан аса көлік патрульдік полицейлермен құтқарылды",- делінген ақпаратта.

Патрульдік экипаждар көлік колонналарын ілестіріп сүйемелдеп алып жүруін ұйымдастыруда.

Республикалық маңызы бар автожолдарды тазартып, жолдарды ашуға арнайы техникалар жұмыс жасауда.

Бұған дейін бір түнде Алматыға 14 см қар түскендігі хабарланған болатын. 

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі