Ақтөбе тұрғынынан аса ірі көлемде марихуана тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
12 қаңтарда Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен гараж кооперативінің аумағынан 38 жастағы ер адамды ұстады.

Қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып тінту жүргізу кезінде оның автокөлігінің салонынан ішіне өсімдік тектес зат салынған 2 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ күдіктінің гаражынан 1 орама пен 16 полиэтилен пакет табылды, олардың ішінде ерекше иісі бар жасыл түсті заттар болды.

Мәртөк ауданының аумағында орналасқан шаруа қожалығын санкцияланған тінту кезінде жасыл түсті зат салынған полиэтилен пакет анықталды.

Сараптама қорытындысы барлық тәркіленген заттың марихуана екенін көрсетті. Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 36 келіні құрайды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі