Шымкентте қаңғыбастардың атына 23 млн теңгеге жуық несие рәсімделген

Фото: Zakon.kz
Шымкентте қылмыстық топ мүшелері үй-жайы жоқ, көшеде күнелтіп жүрген азаматтардың атына несие рәсімдеп, олжаға кенелген. Олар осындай әккі әрекетінің арқасында қаржы ұйымдарынан 22 миллион 800 мың теңге ақша алған.

Прокуратураның дерегінше, қылмыстық топ құрамында 5 адам болған. Қазір бұл азаматтардың бұдан өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Олар қаңғыбастардың атынан жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жеке кәсіпкерлік секілді заңды ұйымдар ашып, 2021 жылдан бері алаяқтық әрекетін жүзеге асырған, деп жазады qazaqstan.tv.

Осы іске байланысты қылмыстық топ мүшелеріне несие берген коммерциялық ұйымдарға қатысты да қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Егер олардың кінәсі дәлелденсе, алаяқтық бабы бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Жалған, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар да тексеруге, олардың есепшоттарын бұғаттауға шаралар қабылдамаған. Бұл құқық бұзушылықтар қылмыстық топтың алаяқтық жоспарларын жүзеге асыруына және жәбірленушілердің қаражатын иемденуіне жол берген." Жандос Досанов қалалық прокуратураның басқарма басшысы
Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты