Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан заңнамасына сәйкес, қос азаматтық үшін 300 АЕК (1 179 600 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе әкімшілік жолмен елден шығару жазасы қарастырылатынын еске салды.
"Сонымен қатар, қазақстандықтардың басқа мемлекеттің азаматтығын алуы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына тікелей негіз болып табылады", – делінген жұма күні жарияланған мәлімдемеде.
Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылы мемлекеттік шекарада қос азаматтықтың 1190 жағдайы анықталған. Құқықбұзушылықтың басым бөлігін көршілес елдердің азаматтары жасаған.
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2025 жылдың басынан бері өткізу пункттерінде бір мезгілде Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттің азаматтығын алған тұлғалардың шекарадан өтуінің 91 фактісін анықтады. Ұсталған тұлғалар одан әрі полицияға жіберілді". ҰҚК ПС баспасөз қызметі
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтығы бар анасы мен қызын полицейлер ұстағанын хабарлаған болатынбыз.