Елорда егеуқұйрықтардың отанына айналудың аз-ақ алдында тұр

Фото: unsplash
Елорда кеміргіштердің отанына айналып барады, оларды қазір қоқыс алаңдары мен көше бойынан бөлек, тіпті көпқабатты тұрғын үйдің ішінен де кездестіруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астананың Нұра, Есіл, Алматы ауданының тұрғындары бүгінде егеуқұйрықтармен бетпе-бет келуде. Зиянкестер жан баласынан сескенбейтін болған. "24kz" ақпаратынша, қоқыс алаңдары мен ашық алаңқайды былай қойып, жаңадан салынған тұрғын үй кешендерін өз мекендеріне айналдырған.

Қаланың санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің дерегінше, алдаңғы көктемдегі ахуал бұдан да қиындай түспек. Күн жылысымен елорданы егеуқұйрықтар басып алуы ғажап емес. Бұған бірден-бір себеп былтырғы су тасқыны.

Бұл ретте, мамандар дер кезінде шара қолданбаса кеміргіштен келетін кесел аз еместігін айтады. Олар өздерімен бірге құтырма, оба, лептоспироз ауруларын тасымалдайтын көрінеді.

Бұған дейін Атыраудағы апатты үйдің тұрғындары биліктен шұғыл түрде көшіруді сұрап жатқандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті арнайы терминал арқылы рәсімдей алады

Әлемнің жеті кереметі жайлы не білеміз