Арқалық маңында санавиацияға тиесілі ұшақ апатты жағдайда қонды

Сурет: ҚР ТЖМ
Бүгін, 5 ақпанда қатты боран кезінде Арқалық қаласынан 1,5 шақырым қашықтықтағы әуежай маңында Қостанай – Арқалық бағытына қатынауы тиіс АН-2 санитарлық авиация ұшағы апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, ұшақ бортында төрт адам болған: екі ұшқыш және екі дәрігер. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Қостанай облысының ТЖД өрт сөндірушілері жедел түрде оқиға орнына жіберілді.

"Облыстық ТЖД мен Арқалық қаласында жедел штабтар құрылып, жедел желі жүйесі іске қосылды. Құтқарушылардың жылдам әрекеттерінің арқасында ұшақтағы адамдар аман-есен табылып, Арқалық қаласына жеткізілді. Жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ", делінген хабарламада.

Оқыс оқиғаның туындау себептері анықталып жатыр.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді