Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзудың 100-ден астам дерегі анықталды

Фото: Zakon.kz
11-14 наурыз аралығында республика көлемінде "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Оның мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзу фактілерін анықтау.

Іс-шараның бір күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 3-бөлігімен – 32 тұлға, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігімен – 55 тұлға, 517-баптың 5-бөлігі бойынша 27 тұлға жауапқа тартылды.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының 22 азаматына әкімшілік хаттама толтырылды

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды