ІІМ: Алматы облысында қылмыстық топ ұсталды

Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі "Заң және Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысын жалғастыруда. Алматы облысындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлініcінің қызметкерлері құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысатын қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

Арнайы операция барысында үш адам ұсталды. Олар жалға алған үйдің аумағында жүргізілген тінту нәтижесінде қарасора өсіруге арналған ауданы 10 соттық жылыжай табылды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 900 килограмды құрады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2025 жылдың басынан бастап заңсыз айналымнан екі тоннадан астам есірткі, оның ішінде 120 кг синтетикалық есірткі, 600 грамм кокаин және 140 кг-нан астам гашиш тәркіленді.

Есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

"Социс-А" ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялады

Референдум: үшінші экзитпол нәтижелері жарияланды

Еуразиялық интеграция институтының экзитпол нәтижелері