Алматыда заңсыз салынған көлік жуу орыны сүрілді

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда сот шешімімен тағы бір нысан сүрілді. Бұл жолы - автокөлік жуу орыны. Бұл туралы 2025 жылы 17 наурызда қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы бұл арада Самғау ықшам ауданындағы Аршалы көшесі, 2-үй мекенжайында орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету автожуу нысаны туралы сөз болып отырғанын нақтылады. 

"Жеке тұлғаға тиесілі нысан рұқсат құжаттарынсыз салынған. Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот заңсыз салынған нысанды сүру туралы шешім шығарды". Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сот шешіміне сәйкес, иесі нысанды өзі бұзды.

Жергілікті билік 2023 жылдың басынан бері 69 заңсыз нысан толық немесе жартылай сүрілгенін еске салды. Олардың қатарында "Мечта", KHAN тұрғын үй кешендері және басқа да ғимараттар бар.

Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев