Жамбылдағы ана мен бала өлімі: дәрігерлердің кінәсі анықталды

Фото: akorda.kz
Жамбыл облысы Шу ауданындағы орталық ауруханада болған ана мен бала өліміне дәрігерлер кінәлі. Арнайы комиссия жүкті әйел акушерлердің салғырттығынан қайтыс болды деген қорытынды шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK телеарнасының ақпаратынша, Шу ауданындағы қайғылы жағдайдан соң өрескел қателікке жол берген жауаптылар жазаланды. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген тексерістен кейін бес лауазымды қызметкерге қатаң шара қолданылған. Ең алдымен Шу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметінен босатылды. Оның орынбасарына да қатаң сөгіс беріліп, босандыру бөлімінің басшысы жұмыстан қуылды. Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы мен ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы да қатаң сөгіс алған.

"Құлаған кезде бала шетінеді. Құлап, қан қысымы көтеріліп, әйел есінен айырылды. Тексеріп, консилиум жасап, оны үшінші дәрежедегі облыстық перинатал орталыққа жіберу керек еді".Қаракөз Сағынғалиева, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы

Анықталғандай, дәрігерлер 25 жастағы Әдемі Ешеналиеваның денесі ісіп бара жатқанына мән бермеген. Сондай-ақ зәр мөлшерінің шамадан тыс төмендегенін тексермепті. Соның салдарынан науқастың қан қысымы 170-ке дейін көтеріліп кеткен. Сәбиінен айырылған ана 12 күн бойы ес-түссіз комада жатып көз жұмды.

Бұған дейін Тараздағы экс-полицейдің өліміне күдікті ұсталғандығы жайлы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін