Павлодарда бесінші қабаттағы пәтер терезесінен екі жасар бала құлап кетті

Сурет: t.me/qr_tjm
Павлодарда бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен екі жасар бала құлап кетті. Нәресте комаға түсіп қалды, дәрігерлер балақайдың өмірі үшін күресуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға бүгін, 13 сәуірде болды. Бұл туралы Өңірлік бала істері жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова айтты.

"Бүгін, 13 сәуірде Павлодарда бесінші қабаттағы терезеден қонақ бала құлап кеткен. Көптеген ауыр жарақаттарымен ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл - облыста  биылғы жылы тіркелген алғашқы жағдай", - деді омбудсмен.

Екі жас 11 айлық сәби облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем көлігімен жеткізілді.

"Балаға кататравма, сондай-ақ жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы мен көгерулер және басқа да жарақаттар диагнозы қойылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы әлі тексерілуде", - деді медициналық мекеме.

Бұған дейін Атбасарда жол жиегінде тұрған төрт адамды Mercedes көлігі жапырып өткенін жазғанбыз. Салдарынан ауруханаға түскендер арасында екі кәмелетке толмаған жасөспірім және алты жасар бала да бар.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек