Өскемен тұрғыны жеті адамның атына несие рәсімдеген

Фото: Zakon.kz
Өскемен қаласында ер адам өзге азаматтың атына заңсыз түрде жеті шағын несие рәсімдеді деген күдікке ілінді.

Белгілі болғандай, облыс орталығының тұрғыны танымал мессенджерлердің бірінде алаяқтардың құрбанына айналған.

Бөгде тұлға жәбірленушінің жеке деректерін, нақтырақ айтқанда, растау кодын пайдаланып, оның атына жалпы сомасы 800 мың теңгеден астам қаражатқа жеті шағын несие рәсімдеген.

Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары азаматтарға бір реттік растау кодтарын, құпия сөздер мен жеке деректерді ешкімге жарияламауға кеңес береді.

Алаяқтар түрлі айла-тәсілдер арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, олардың атынан заңсыз әрекеттер жасауға ұмтылады.

Өз қауіпсіздігіңіз үшін жеке ақпаратты құпия ұстаңыз және мессенджерлер арқылы келген күмәнді хабарламаларға аса сақтықпен қараңыз. Егер алаяқтық белгілерін байқасаңыз, бірден "102" нөміріне хабарласып, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Қазақстан
Өскемен
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Рахмон Бірлескен мәлімдеме қабылдады