Қостанай облысында дауыл соғып, үйлердің шатыры құлап, ағаштар опырылып түсті. Оқушылар қашықтан оқуға көшті

Сурет: Instagram/alau.tv
2025 жылдың 29 сәуірінде Қостанай облысында қатты жел тұрып, өңірде бірқатар қиындықтар туындады. Желдің екпіні сағатына 61 км-ге дейін жетіп, бұл қала тұрғындары мен инфрақұрылымға әсер етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде тұрғындар опырылып түскен ағаштардың бейнелерімен бөлісуде. Көпқабатты үйлердің ауласы мен автотұрақтарда құлаған ағаштар көліктерді басып қалған. Мұнымен қоса, жарнамалық баннерлер жұлынып, тұрғын үйдің бірінің шатыры ұшып кеткен.

Сурет: Instagram/ng.kz

Бірқатар аудан мен облыс орталығында бірінші ауысымдағы оқушылар сағат 10:00-ден кейін қашықтан оқуға жіберілді.

Білім басқармасының мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептерде екінші ауысымдағы оқушыларды да қашықтан оқыту форматына ауыстырды. Мамандар желдің жылдамдығы қазір 20 м/с дейін жететінін атап өтуде.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті жел күшейген кезде тұрғындар келесі қауіпсіздік шараларын қабылдауы керек екенін ескертті:

Кабельдер үзілген жағдайда, құрылымдар құлаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.

Сурет: Instagram/alau.tv

Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер мен төтенше жағдайлар қызметі зардаптарды жою жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, ТЖД желі арқылы азаматтарды сақ болуға және ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты бақылауға шақырады.

Қостанай
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды