Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam дзюдодан халықаралық рейтинг турниріне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирді Мемлекет басшысымен бірге Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов тамашалады.

Биыл бұл бәсекеге әлемнің 46 елінен үздік шыққан 358 спортшы қатысуда.

Қазақстандық дзюдошылар арасынан Ғұсман Қырғызбаев (-66 келі) пен Талғат Орынбасар (-60 келі) күміс, ал Мағжан Шамшадин (-60 келі), Аман Бақытжан (-60 келі), Есет Қуанов (-73 келі) және Абылайхан Жұбаназар (-81 келі) қола жүлде жеңіп алды.

Еске сала кетейік, Астанада осымен Grand Slam әлемдік сериясының жарыстары үшінші мәрте өтіп жатыр.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болады, Астанада нөсер жауады: тамыздың алғашқы күндеріне болжам

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

"Мәкең бар!". Полиция танымал әнші мінген көліктің желідегі видеосын назарға алды