ҰҚК қызметкерлері көптеген жарылғыш заттарды тапты: оларды қайда пайдаланғысы келген

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Ақмола облысында жарылғыш заттарды заңсыз тасымалдайтын арна анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) 2025 жылғы 16 мамырдағы баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізілген іс-шаралар барысында 200 килограмм аммиак селитрасы (60 килограмм тротилдік баламасында), сондай-ақ 200 дана жарылғыш-капсулалары бар детонациялық сымдар табылып, тәркіленді.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған заттар заңсыз іздеу әрекетіндепайдалануға арналған." ҰҚК Баспасөз қызметі

Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

10 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Азия елдеріне есірткі тасымалдайтын ірі арнаның жойылғаны туралы хабарлады, нәтижесінде 10 келіден астам метамфетамин тәркіленді.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме