Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам көз жұмды

Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 19 мамырында Алматыда Hovo жүк көлігі мен Volkswagen Golf жеңіл автокөлігінің соқтығысуы салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы Құлжа тас жолында, MyCar автосалонының қарсысында, Рысқұлов пен Бұқтырма көшелерінің арасында орын алды.

Сурет: Zakon.kz

Алдын ала мәліметтер бойынша, солтүстік бағытта қозғалған Volkswagen Golf жүргізушісі белгісіз себептермен қарсы бағытқа шығып кетіп, оңтүстікке қарай келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.

Сурет: Zakon.kz

Соқтығысу нәтижесінде жеңіл автокөлік ішінара жүк көлігінің астына кіріп кеткен. Апат салдарынан бір адам, болжам бойынша Volkswagen жүргізушісі, оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Кейінірек олардың біреуі қайтыс болғаны белгілі болды.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеуде, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайлары анықталуда.

Сурет: Zakon.kz

Апат салдарынан Құлжа тас жолында қозғалыс екі бағытта да қиындады, кептелістер пайда болды. Құтқару қызметтері мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері апаттың салдарын жоюға тартылды. Қазіргі уақытта қозғалыс қалпына келтірілді.

Бұған дейін Алматыда күрделі маневр жасай алмаған Toyota көлігінің ағашқа соғылып, аударылып қалғандығы жайлы жазған болатынбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі