Астанада жаяужол опырылып, бойжеткен шұңқырға құлап түсті

Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 26 мамырында Астанада "Қобыз сарайы" маңындағы тротуар опырылып түсіп, жол бойымен келе жатқан бойжеткен жерге құлап түсті. Оқыс оқиға жайлы "Астана су арнасы" түсініктеме берді, сондай-ақ қыздың жағдайы туралы да белгілі болды. Толығырақ ақпаратта.

Болған оқиға жайлы куәгерлер мәлімдеді.

"Қыз тротуармен кетіп бара жатқанда аяқ астындағы тас төсеуіш (брусчатка) опырылып, ол шамамен бір метр тереңдіктегі шұңқырға құлап кетті. Шұңқырдың түбінде су болды. Бойжеткен құлаған кезде қатты ауырсынғанын айтып, жылап жатты",- делінген желіде жарияланған жазбада.

"Астана су арнасы" кәсіпорны жағдайға байланысты Zakon.kz тілшісіне ресми түсініктеме берді. Олардың мәліметінше, Керей, Жәнібек хандар көшесіндегі 18-үйдің маңындағы D-1000 мм диаметрлі коллектордың жанындағы жергілікті тротуардың опырылуы орын алған.

"Оқиға орнына дереу мамандар бригадасы жіберілді. Қазір жер қазу және техникалық тексеру жұмыстары басталды. Жағдай толық бақылауда. Опырылу себептері тексеру нәтижесінде анықталады", – деп хабарлады коммуналдық кәсіпорын.

Сондай-ақ кәсіпорын қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Өз кезегінде, Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен бойжеткеннің ауруханаға жатудан бас тартқанын хабарлады.

"Жедел жәрдем қызметіне оқиға бойынша шақырту түсті. Бригада оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетті. Пациенттің жағдайы қанағаттанарлық", – деп мәлімдеді басқарма.

Бұған дейін Еуропа мен Азия елдеріне тікелей рейстер ашылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді