WhatsApp арқылы жаппай тәртiпсiздiкке шақырған азамат сотталды

Фото: pexels
Астанада желі арқылы жаппай тәртiпсiздiкке шақырған ер адам сотталды, деп хабарлайды

Астана қаласы прокуратурасының 2025 жылдың 28 мамырында таратқан ақпаратына сүйенсек, ер адам жүк көлігінің артық салмағына қатысты заң талабымен келіспеген.

"Кінәлі, жүк көлігінің артық салмағына қатысты заң талабымен келіспей, "Whatsapp" тобына билік өкілдеріне белсенді түрде бағынбауға және қару қолдану арқылы жаппай тәртiпсiздiкке қатысуға хабарламалар жолдаған. Сот үкімімен жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілеп 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды",- делінген ақпаратта.

Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақырғаны, не жаппай тәртіпсіздікке арандатуы, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақырғаны үшiн, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы жасалған әрекеттерге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.

Бұған дейін көлік құралын әкелу кезінде қандай төлемдер төленуі керек екендігі хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды