Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаштың ісі: алдын ала тыңдау тараптардың бірі келмегендіктен кейінге қалдырылды

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 29 мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-дипломат Сәкен Мамаштың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтуі тиіс еді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұрынғы дипломатқа ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі – "Азаптау" бойынша айып тағылған.


"Алдын ала сот тыңдауында істің мәні қаралмайды. Тек ұйымдастырушылық мәселелер қаралады. Осыдан кейін сот отырысының нақты күні белгіленеді", – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Алайда Карина Мамаш пен оның қорғаушылары сотқа келмеген. Соның салдарынан процесс 6 маусым күні сағат 10:00-ге шегерілді.

2025 жылғы 4 сәуірде полиция бұрынғы дипломатты қамауға алынғанын хабарлаған болатын.

Сәкен Мамаштың әйелі Каринаны 10 жыл бойы ұрып-соғып келгені туралы алғаш рет 2024 жылғы 6 мамырда белгілі болды. Сол кезде Карина қоғам белсенділерінен көмек сұрап, әлеуметтік желіде өз басынан өткен жайтты айтып берген. Ол күйеуінің дипломатиялық мәртебеден айырылып, түрмеге қамалуын талап еткен. Бұл оқиғаға ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Астана қалалық полициясы назар аударып, қылмыстық іс қозғалған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды