Құлсарыдағы жанар-жағармай құю бекетіндегі жарылысқа қатысты тың мәлімет жарияланды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы "Ниет" жанар-жағармай құю бекетінде 30 мамырда кешке газды автоцистернадан стационарлық резервуарға айдау кезінде қатты жарылыс болды. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Назарәлі Селімов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми мәліметтерге сәйкес, оқыс оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 14 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің арасында төрт бала бар. Олардың барлығы аудандық ауруханаға жеткізілді: төртеуі алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, 10 адам ем қабылдауда.

"Оқиға салдарынан алты көлік өртеніп, үш бір қабатты және бір екі қабатты ғимарат бүлінді. Жарылыс қамтыған аудан 400 шаршы метрді құрады", - деді Назарәлі Селімов.

Өртті сөндіруге 81 адам және 17 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт сағат 20:15-ке дейін оқшауланып, 21:40-та толықтай жойылды.

Бұған дейін Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов 30 мамырда Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы "Ниет" жанар-жағармай құю бекетіндегі жарылыс және одан кейінгі өртке байланысты жедел штабтың кезектен тыс отырысын өткізгені хабарланған болатын. Жарылыс кезінде екі адам қайтыс болды, тағы 14 адам зардап шекті. Кейінірек төрт баланың зардап шеккені белгілі болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды