Қарағандыда отқа оранған тұрғын үйдің шатыры опырылып түсті

Сурет: pixabay
2025 жылғы 30 мамырда кешке Қарағандыда жапсарлас орналасқан екі тұрғын үй қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, Кисловодская көшесінде тұрғын үй шатырының ағаш конструкциялары өртеніп, опырылып түскен, жалпы ауданы 150 шаршы метр пәтердегі үй заттары жанған.

"Үйдегі өрттің салдарынан 15 шаршы метр аумақты қамтитын шатырдың бір бөлігі құлады. Сондай-ақ, өртті сөндіру кезінде құтқарушылар көрші үйден 27 литрлік газ баллонды сыртқа алып шығып үлгерді", - деді ТЖД-дағылар.

Өрт бір сағатқа жуық уақыттан кейін сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Мамандар үйінділерді аршуда.

Бұған дейін Атырау облысы, Құлсары қаласындағы "Ниет" жанар-жағармай құю бекетінде 30 мамырда кешке газды автоцистернадан стационарлық резервуарға айдау кезінде қатты жарылыс болғанын жазғанбыз

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды