Астроном аспандағы жарық беймәлім нысандардың не екенін айтты

Сурет: видеодан алынды
Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларының тұрғындары түнгі аспанда ұшып бара жатқан (немесе құлаған) беймәлім нысандарды байқады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ғарыштан түскен заттар болуы да мүмкін. Осы сипаттағы желідегі видеолар көпшіліктің қызығушылығын тудырып, әркімнің бұл реттегі пайымы сан-саққа жүгірді.

Zakon.kz редакциясы арнайы сауал жолдап, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институттың астрономы Светлана Мошкинаның пікіріне жүгінді.

"Видеода ғарыш аппаратының сатысы жанып жатыр. Яғни, зымыран атмосфераға енгенде, қолданылып болған сатылар (қанаттары) бөлшектеліп ыдырайды, бірақ барлық ыдыраған нысан бір траектория бойынша, бір жылдамдықпен қозғалады. Бұның алдында екі ай бұрын осыған ұқсас видео болды. Сол кезде де біз осылай ақпарат берген едік", - деп түсіндірді сарапшы.

Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі аспанда белгісіз нысандардың пайда болуына қатысты түсініктеме берген болатын. Құзырлы ведомство мәліметінше, әуе кеңістігін бұзу фактілері тіркелген жоқ

Қарағанды
Павлодар
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды