Қасым-Жомарт Тоқаев сегіз елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2026 14:18 Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 18 қыркүйегінде Астанадағы Тәуелсіздік сарайында сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына сенім грамоталарын:

  • Мысыр Араб Республикасының елшісі Самех Шехата;
  • Швейцария Конфедерациясының елшісі Кристина Хонеггер-Золотухин;
  • Эстония Республикасының елшісі Марье Лууп;
  • Оман Сұлтандығының елшісі Салах Джабуб;
  • Мажарстан елшісі Ференц Цомбош;
  • Гвинея-Бисау Республикасының елшісі Браима Эмбало;
  • Нигерия Федеративтік Республикасының елшісі Джозеф Олусола Иджи;
  • Дания Корольдігінің елшісі Ларс Туесен табыстады.

Президент елшілерге құрмет білдіріп, Қазақстанның сыртқы саясатта бейбіт әрі сындарлы бағыт ұстанатынын атап өтті.

"Бүгін – елдеріңіздің өкілі ретінде сіздер үшін де, Қазақстан Республикасы үшін де аса маңызды күн. Осы орайда бәріміз бірлесе жұмыс істеуіміз қажет екеніне сенімдімін. Қазақстан – бейбітсүйгіш ел. Біз теңгерімді әрі сындарлы сыртқы саясат ұстанамыз. Ел ішінде реформалар жүргізуге қолайлы жағдай жасауға ұмтыламыз. Сыртқы істер министрлігінің, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Президент резиденциясының есігі сіздер үшін әрдайым ашық. Өйткені қазіргі тұрақсыз әрі құбылмалы әлемде бірге болуға тиіспіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: