Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тоғыз елдің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2026 13:41 Сурет: akorda.kz
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тоғыз елдің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылдың 19 тамызында Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, сенім грамоталарын:

  • Молдова Республикасының елшісі Игорь Молдован,
  • Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Тхань Ле Нгуен,
  • Корея Республикасының елшісі Ки Хон Чжон,
  • Оңтүстік Африка Республикасының елшісі Лунгисани Доминик Нтомбелла,
  • Словакия Республикасының елшісі Любомир Регак,
  • Германия Федеративтік Республикасының елшісі Хайке Ренате Пайч,
  • Әзербайжан Республикасының елшісі Алимирзамин Аскеров,
  • Словения Республикасының елшісі Бранко Раковец
  • Намибия Республикасының елшісі Моника Ндилявике тапсырды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның бейбітсүйгіш сыртқы саясат ұстанымына тоқталды.

"Өздеріңізге мәлім, Қазақстан қазіргідей аса күрделі геосаяси жағдайда бейбіт сыртқы саясат жүргізіп келеді. Біз бейбітшілік салтанат құруға тиіс деп санаймыз. Сондықтан Орталық Азияда да, одан тысқары жерлерде де бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап, ынтымақтастықты өрбіту үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасаймыз, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен ұлттық экономикаға шетелден инвестиция тарту бағытындағы жетістіктері туралы мәлімет берді.

"Біз елімізге шетел инвестициясын тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасап отырмыз. Әлбетте, Қазақстанға келіп жұмыс істегісі келетін шетелдік кәсіпкерлерді және ірі компанияларды құшақ жая қарсы аламыз. Өздеріңіз білетіндей, біздің нарықта ірі халықаралық компаниялардың басым бөлігі қызмет етеді. Бұл саясаттан айнымайтынымызға сенімдімін. Шетелдік инвестицияға қатысты ашық есік саясатын дәйекті түрде жалғастыруға ниеттіміз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформаларға да тоқталды. Бұл өзгерістердің қисынды жалғасы тарихи Құрылтай сайлауы болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі түбегейлі өзгерістер халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастықты нығайтуға тың мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның елшілер өкілдік ететін мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайтуға және сан қырлы ықпалдастықты дамытуға мүдделі екенін растады. Сондай-ақ аталған елдердің басшыларына жылы лебізін жолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: