Маңғыстау облысында кен орнында газ-су қоспасы ауаға тарап, апатты жағдай орын алды

Сурет: Маңғыстау облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі
Маңғыстау облысында бүгін, 2025 жылы 6 маусымда кен орнында газ-су қоспасының ауаға тарау жағдайы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бейнеу ауданында 2025 жылы 6 маусымда "Толқын" кен орнындағы №57 ұңғымада авариялық жағдай орын алды.

"Varro Operating Group" ЖШС-нің "Толқын" кен орнындағы №57 ұңғымадан газ-су қоспасының өртсіз шығуы тіркелді. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта ұңғыманың трубалық кеңістігінен газ-су қоспасының шығуы жалғасуда", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Авариялық жағдайды жою үшін оқиға орнына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен – 10 бірлік техника, 32 қызметкер және 1 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. 

"Қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты бақылауда. Төтенше жағдайлар департаменті барлық қажетті шараларды қабылдауда және ахуалдың даму барысы туралы қосымша ақпарат берілетін болады", деп нақтылайды облыстық ТЖД.

Бұған дейін Ақтауда экологтар ауаға тараған химиялық жаман иістің көзі не екенін тапқанын жазғанбыз.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды