Астанада спорт-барда ұрлық жасаған күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Фото: Zakon.kz
Астанада 30 жастағы тұрғын спорт-бардан бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам таң сәріде спорт-бардың кіреберіс есігінің кілтін тауып, нысан ішіне заңсыз кірген. Күзет болмағанын пайдаланып, кассада жатқан жұмыс телефонын ұрлап кеткен. Нысан иелеріне келтірілген шығын 200 мың теңгеден асады.

"Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті ұрланған құрылғыны бірден сатып жіберген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның жеке басы анықталып, ұсталды", – делінген хабарламада.

Астана қалалық полиция департаменті кәсіпкерлік нысан иелеріне қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын тағы бір еске салды:

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қызметкер өгей ұлын өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Екі облыста қар жауып, жол тайғақ болады: 2 қарашаға арналған ауа-райы болжамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды