Автобуспен болған жол апатында аяқтарынан айырылған қыздың отбасы қандай жәрдемақы алады

Фото: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай жол апатынан зардап шеккен, аяқтарынан айырылған қыздың анасына қандай жәрдемақылар берілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл оқиға бойынша қазіргі кезде негізгі жұмыс Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жүргізіліп жатыр, өйткені қызға шұғыл медициналық көмек көрсетілуде.

"Балаға қажетті медициналық көмек пен оңалту шаралары аяқталғаннан кейін, мүгедектік тағайындалған жағдайда республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы төленетін болады. Ал анасына келсек, ол мүгедек баланы күтуге арналған жәрдемақыны алуы мүмкін", – деді Виктория Шегай.

Алайда ол жәрдемақының нақты мөлшерін атаған жоқ – бұл баланың еңбек қабілеттілігінен айырылу дәрежесіне байланысты жеке түрде анықталады.

"Қазіргі таңда қыз балаға мүгедектік ресми түрде берілген жоқ, сол себепті нақты мөлшерін айта алмаймын. Бұл – медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуне байланысты. Қазірше нәтиже жоқ. (...) Жәрдемақы баланың мүгедектік тобына байланысты тағайындалады. Қажетті талаптарға сай болған жағдайда және анасы мүгедек баланы күтуге жәрдемақы алу үшін өтініш білдірсе, жәрдемақы қарастырылып, төленетін болады", – деді вице-министр.

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қызметкер өгей ұлын өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін