Алматы полициясы автобуста болған екі ер адамның жанжалына қатысты тексеру жүргізуде

Фото: Zakon.kz
Алматыда қалалық автобустардың біріндегі жолаушылар арасындағы қақтығыс жұдырық жұмсаумен аяқталды. Өңір полициясы оқиғаға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды. Кадрда жолаушылардың бірі екіншісіне бейәдеп сөздер айтып, оны сыртқа "шақырады". Біреулер жанжалға автобуста ауа жоқтығы себеп болды десе, енді бірі оған спирттік ішімдік әсер етті деп болжады. Тағы бір қауым, мұндай жағдайда ең бастысы – бір-біріне құрметпен қарау керектігін атап өтті.

Бейнежазбаның немен аяқталғаны белгісіз. Алайда Полиция департаменті оқиғаға қатысты жауап беріп, оның нақты мән-жайы, орны және қатысушылардың тұлғалары анықталып жатқанын хабарлады.

"Тексеру нәтижелері бойынша олардың әрекеттеріне қолданыстағы Қазақстан заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады", – деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Шымкентте жасөспірімдердің автобус жүргізушісінің басын балғамен жарып, кастетпен бетін жыртып кеткенін жазған болатынбыз.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды