"Жолаушы тежегішті басқан". Алматыда №92 автобустың жүргізушісі инфаркт алып, қайтыс болды
Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Бүгін, 2026 жылғы 26 қаңтарда Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында №92 бағыттағы автобус тізгініндегі жүргізуші кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматыэлектротранс" ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 14:35-те 1971 жылғы жүргізуші бағдаршамның тыйым салу белгісі жанып тұрғанда аялдамада денсаулығының күрт нашарлағанын сезген. Осы кезде жолаушылардың бірі кабинаға ұмтылып, дереу тежегішті басқан, бұл ықтимал апаттың алдын алды.
Жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалынды, бірақ, өкінішке қарай, жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды.
Алдын ала диагноз – жедел миокард инфарктісі.
Сондай-ақ, жүргізушінің рейс алдында медициналық тексеруден сағат 06:10-да, ал автобус техникалық тексеруден 06:24-те өткені нақтыланады.
"Қайғылы оқиға жүргізушінің 2/2 кестесі бойынша бірінші жұмыс күнінде болды. Автобус бүлінген жоқ, жолаушылар зардап шеккен жоқ". "Алматыэлектротранс" ЖШС-ның баспасөз қызметі
Бұған дейін Астанада жаңа бағыттарды қамтитын үш автобус жолға шыққанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript