Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда қараусыз қалған автобус үлкен апатқа себеп болды

Алматыда қараусыз қалған автобус үлкен апатқа себеп болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2023 17:34 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында жүргізушісі жоқ автобус жол апатына ұшырады. Бір әйел зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға куәгерлерінің Zakon.kz-ке хабарлауынша, 6 қыркүйек күні түс ауа №79 жолаушылар автобусы Абай даңғылының бойымен шығыс бағытта жүрген. Салонда жолаушылар болмаған. Жүргізуші автобусты Наурызбай батыр көшесімен қиылыстағы арнайы жолаққа тоқтатып, әжетханаға бару үшін шығып кеткен.

Қайтып оралған жүргізуші өзі жоқта қараусыз қалған автобустың үлкен апатқа себеп болғанын көрген. Ол бақылаусыз артқа жүріп кетіп, қиылыстан өтіп, бағдаршам жануын күтіп тұрған көліктерге соқтығысқан.

Кейін полиция автобус 84 метр жол жүргенін анықтады. Автобустың соққысына алғаш боп ұрынған Land Cruiser көлігі болды. Ол күшті соққыдан Kia Rio мен Chevrolet Cobalt-ке зақым келтірген. Одан кейін автобус жол қиылысында тұрған Kia Optima көлігіне соғылды.

Апат салдарынан Kia Rio көлігінде болған бір әйел зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды. Бақытымызға орай, автобустың жолында жаяу жүргіншілер, салонда жолаушылар болмаған. Жол полициясының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: