Астанада жаңа бағыттарды қамтитын үш автобус жолға шығады
Сурет: Zakon.kz
Компания мәліметтеріне сәйкес, 25 қаңтардан бастап жаңа №№ 506, 507, 508 экспресс-бағдарлары іске қосылады:
- №506 - І. Жансүгірұлы көшесі – "Family village" тұрғын үй кешені;
- №507 "Нұрлы жол" теміржол вокзалы – "Жағалау-4" тұрғын үй кешені;
- №508 "Нұрлы жол" теміржол вокзалы – "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы".
Жаңа бағдарлар қаланың маңызды бағыттарын қамтиды.
Атап айтқанда, № 506 бағдар Мәңгілік ел даңғылымен тура жүретін болса, №507 экспресс-бағдар Сығанақ көшесімен Мәңгілік ел даңғылына дейін тікелей жүріп, бұған дейін қоғамдық көлік қатынасы болмаған Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік ел даңғылына дейінгі бөлігінде көліктік қызметті қамтамасыз етеді.
№508 бағдар Қ. Мұхамедханов көшесінің жаңа учаскесімен (Ш. Айтматов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейін), Сарайшық көшесімен "Министрліктер үйі" аялдамасына дейін тікелей қатынайды, одан әрі Ж. Нәжімеденов көшесімен "Нұрлы жол" теміржол вокзалына дейін жүреді.
Бұған дейін Алматыда 17 қаңтардан бастап жолаушылар автобусының бірі жүріс бағытын өзгерткенін жазғанбыз.