Шымкентте жасөспірімдер автобус жүргізушісінің басын балғамен жарып, кастетпен бетін жыртып кеткен

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, перепалка, схватка, разборка, разборки, рукоприкладство, побои, конфликт, бой, борьба, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2025 14:09 Фото: pexels
Шымкенттегі №52 бағыттағы автобус жүргізушісін жолаушылар соққыға жығып, жарақаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 12 маусымда Бекжан базарының жанында болған. Otyrar.kz порталының жазуынша, жол ақысын төлемеген №52 автобустың кәмелетке толмаған жолаушысы өзге жолаушылармен бірге 34 жастағы автобус жүргізушісін ұрып-соққан. Жүргізушінің айтуынша, ол жасөспірімнен жол ақысын төлеуді сұраған. Жас жігіт төлегісі келмейтінін айтып, жүргізушіні қорлап, сыртқа шығуын өтінген.

"Сыртқа шыққанымды үш бала күтіп тұрды. Біреуі балғамен басымды ұрды. Екіншісі кастетпен жағымнан ұрып, жыртты. Одан кейін есімнен танып қалдым. Әрі қарай есімде жоқ",- деді зардап шеккен жүргізуші.

Аялдамада тұрған адамдар жедел жәрдем шақырған. Ауыр жарақаттарына байланысты ол бірден реанимацияға түсті.

Бұған дейін Шымкентте сүйіктісін айуандықпен өлтірген жігіттің ісі сотқа жеткендігін жаздық. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: