Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2025 жылғы 24 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одил Рено-Бассомен кездесті. Әңгімелесушілер Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, жаһандық экономиканың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылап, әлемдік экономиканың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Қаржы ұйымымен байланыс орнатқаннан бері еліміз шағын және орта бизнес, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты бірқатар стратегиялық секторда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген.

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірлескен жобаларға, соның ішінде "жасыл экономика" бағдарламаларын жүзеге асыруға инвестиция құю ниетін құптады.

Одиль Рено-Бассо еліміздің инвестициялық әлеуетіне жоғары баға беріп, қаржы институты Қазақстанның инфрақұрылымдық тұрғыдан дамуын одан әрі қолдауға мүдделі екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жақында ұзындығы 234 шақырым болатын Ақтөбе – Ұлғайсын автожолын жаңғыртуды қаржыландыру туралы шешім қабылданған. Бұл бағыттың ішкі және халықаралық тасымалды дамытуда маңызы зор.

Одиль Рено-Бассо ЕҚДБ мен Қазақстан ынтымақтастығы табысты дамып келе жатқанын айтты. Ол 2024 жылы инвестиция көлемі 2023 жылмен салыстырғанда екі есе артқанын, соның нәтижесінде 1 миллиард еуроға жуықтағанын атап өтті. Бұдан бөлек, банк басшысы Қазақстанның көлік әлеуетін және энергетика секторын дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Молния
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты