Алматы тауларында ресейлік отбасы ұлдарынан көз жазып қалып, құтқарушылар көмекке жетті

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматы облысында РФ азаматтары құтқарушыларға хабарласып, Талғар асуында болған кезде Богданович мұздығына қарай жалғыз кеткен ұлдарынан көз жазып қалғандарын айтты. Онымен байланыс үзілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы дереу көмекке шықты.

"Қиын таулы аймаққа қарамастан құтқарушылар жедел түрде Талғар асуына көтеріліп, мұздыққа қарай жаяу бет алды. Іздестіру операциясы барысында жасөспірім табылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық және медициналық көмекке мұқтаж болмады", делінген хабарламада.

Тексерістен кейін құтқарушылар жасөспірімді ата-анасы күтіп тұрған асуға түсірді.

Бұған дейін Таразда құтқарушылар өртенген пәтер ішінен әйел адамды аман-есен сыртқа алып шыққанын жазғанбыз.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды