Астанада жол апатынан жүргізуші көз жұмды: жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды

Фото: Zakon.kz
Астанада 1 шілде күні кешке жаппай жол апаты болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 жастағы Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі Қалдаяқов көшесімен "Арыс" көпірі бағытында келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмаған.

"Нәтижесінде көлік аударылып, инерциямен қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде екі көлікпен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", – деп мәлімдеді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған жол апатына байланысты, адам өліміне әкеп соққан оқиға ретінде қылмыстық іс қозғалды.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.

Бұған дейін елімізде жол апаты жиі орын алатын өңірлердің тізімін жазған болатынбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады