2 миллиардқа жуық шығын: "Қазселденқорғау" компаниясының бұрынғы басшысы мердігермен бірге сотталды

Фото: Zakon.kz
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы, Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевқа, оның орынбасары Әділет Ахатаевқа және мердігер Андрей Поплавскийге қатысты үкімді жариялады.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Көкірекбаев мен Ахатаевқа Қылмыстық кодекстің 366-бабы (аса ірі мөлшерде пара алу), ал Поплавскиге 195 және 367-баптары (аса ірі мөлшерде пара беру, сондай-ақ ұрлау мақсатынсыз мүліктік залал келтіру) бойынша қылмыстық іс қаралды.

"Сотпен анықталғаны, Көкірекбаев мен Ахатаев лауазымды тұлғалар бола отырып, ТОО директоры Поплавскимен сөз байласып, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою үшін одан аса ірі мөлшерде пара алған." Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Поплавский шын мәнінде орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарының актілеріне қол қоюды ұйымдастырған.

Осы әрекеттердің салдарынан мемлекеттік мекемеге 1 987 827 622,63 теңге көлемінде залал келтірілген.

Алқабилердің үкімімен Көкірекбаев пен Ахатаев Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі бойынша, ал Поплавский – 195-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы және 367-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

"Сот үкімімен Көкрекбаевқа12 жылға, Ахатаев пен Поплавский 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды." Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды